A- A A+
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мониторингі нәтижелерін қарау» кеңес тақырыбы

2017 жылдың 22 ақпанында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Есiл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаментiнiң Есiл аудандық бөлiмiнiң қызметкерлерiмен кеңес өткiздi. Күн тәртiбi жоспарында «Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын қанағаттандыру мониторингi нәтижелерiн қарау және ««Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бойынша құжаттарды қабылдау мен өңдеуде проблемалық сұрақтар» тақыраптары қарастырылды.

Бiрiншi сұрақ бойынша архив директоры Д.А.Жүсiпбеков көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын қанағаттандыру мониторингi нәтижелерiмен таныстырды.Нақты сауал бойынша «Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету көрсеткiшiн жақсарту, әлеуметтiк-құқықтық мiнездегi құжаттарды қабылдау сапасын арттыру мен жұмыс барысында туындаған сауалдарды бiрлесiп шешу туралы сөз сөйледi.

Екiншi сұрақ бойынша архивист А.Н.Андрияшина «Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылар толық құжаттарын әкелу, деректердiң дәйектiлiгiне ,мекен жайын нақтылау бойынша т.б барынша көңiл бөлу туралы айтып өттi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.02.2017 10:38

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

egovҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
@2024 «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»