A- A A+
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
««Архивтік анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты және ргламент бойынша құжаттарды қабылдау мен өңдеуде проблемалық сұрақтар» кеңес тақырыбы

2017 жылдың 22 қыркүйекте Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Есiл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаментiнiң Есiл аудандық бөлiмiнiң қызметкерлерiмен кеңес өткiздi. Күн тәртiбi жоспарында ««Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты және ргламент бойынша құжаттарды қабылдау мен өңдеуде проблемалық сұрақтар» тақыраптары қарастырылды.

Бiрiншi сұрақ бойынша архив директоры Д.А.Жүсiпбеков «Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiн бекiтiлген таныстырды. Нақты сауал бойынша «Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету көрсеткiшiн жақсарту, әлеуметтiк-құқықтық мiнездегi құжаттарды қабылдау сапасын арттыру мен жұмыс барысында туындаған сауалдарды бiрлесiп шешу туралы сөз сөйледi.

Екiншi сұрақ бойынша архивист А.Н.Андрияшина «Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылар толық құжаттарын әкелу, деректердiң дәйектiлiгiне ,мекен жайын нақтылау бойынша т.б барынша көңiл бөлу туралы айтып өттi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.09.2017 12:45

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

egovҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
@2024 «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»