A- A A+
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Архивке тапсыру үшін құжаттарды ғылыми – техникалық өңдеу» тақырыбына семинар өткізді

2018 жылдың 13 ақпанда «Есiл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ Есiл қаласының №2 Балалар үйiнiң ұжымында «Архивке тапсыру үшiн құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеу» тақырыбына семинар өткiздi.

Бiрiншi сауал бойынша Есiл ауданының мемлекеттiк архив директоры Д.Жүсiпбеков сөз сөйлеп, құжаттармен жұмыс барысындағы нормативтi- құқықтық актiлермен таныстырды. Содан кейiн, Есiл ауданының мемлекеттiк архивiнiң архивистi Г.С.Исакова мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелердiң жұмыс барысында пайда болатын сақтау мерзiмi көрсетiлген типтiк құжаттар тiзiмi мен құжаттамаларды басқару мен құжаттандырудың Типтiк ережесiн қарастыруға нақтырақ тоқталды.

Сөз сөйлеу барысында құжаттарды ғылыми- техикалық өңдеу, уақытша және ұзақ мерзiмдi сақтау құжаттар талаптарының түрлерi қарастырылды. Осы сұрақтарды қарастыру кезiнде мамандардың басты назарында қорларды құру мен қорларды рәсiмдеу болды. Шараның сонында Есiл ауданының мемлекеттiк архив директоры алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасап, семинарға қатысушыларға алғысын бiлдiрдi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.02.2018 11:31

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

egovҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
@2024 «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»