Қазақ КСР-ның Министрлер кеңесi жанындағы Бас мұрағаттық басқармасының 1982 жылғы 28 желтоқсандағы № 97 бұйрығының негiзiнде 1983 жылғы 1 ақпаннан бастап Торғай облысының мемлекеттiк мұрағатының Есiл филиалы құрылды.
Облыстардың әкiмшiлiк-территориалдық құрылымдарының өзгеруiне байланысты мұрағат атаулары да: 1988 жылғы шiлдеден бастап Целиноград облысының мемлекеттiк мұрағатының Есiл филиалы; 1990 жылғы тамыздан бастап Торғай облысының мемлекеттiк мұрағатының Есiл филиалы болып өзгертiлiп отырды.
Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатының 1997 жылғы 23 мамырдағы № 6 бұйрығына сәйкес Торғай облысының мемлекеттiк мұрағатының Есiл филиалы Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатының басқаруына берiлдi.
Ақмола облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 20 қарашадағы № 630 шешiмiне сәйкес Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағаты құрылды.
2005 жылғы 19 наурыздағы Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелу куәлiгiне сәйкес Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағаты Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi (ММ) деп, ал 2008 жылғы 9 маусымнан бастап Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағаты» ММ деп аталды.
Мемлекеттiк мұрағат аудан аймағында орналасқан барлық жеке меншiк формасындағы, сонымен қатар жойылған және меншiктелген мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардың құжаттарын қабылдауды жүргiзедi, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асырады.
Құжаттардың сақтау мерзiмiн анықтау мақсатында олардың құндылықтарына мемлекеттiк сараптама ұйымдастырып, ғылыми-анықтамалық ақпарат жүйесiн жүзеге асырады. Толымдау көздерi-ұйымдар мен әлеуеттi дереккөздерге есеп жүргiзедi. Аудан мекемелерiне ведомстволық мұрағаттар, сараптау комиссияларының жұмыстары мәселелерi мен iс жүргiзу қалыптары бойынша әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетедi.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұрағатта 128 қор, оның құрамында 32011 сақтау бiрлiгi есептелген, сонымен қатар сақтау мерзiмi тұрақты — 19980, жеке құрам бойынша — 11574, жеке тектiк — 85, 372 фотоқұжат сақталған.
1920 жылдан 2014 жылға дейiн сақталынған құжаттардың хронологиялық аясы.
Қордың негiзiн 50 жылдары тың жерлердi игеру кезеңiндегi басқару сипатындағы құжаттар құрайды. Құжаттар ауданымыздың әлеуметтiк, экономикалық және мәдени өмiрi туралы мәлiметтердi қамтыған.
Омбы губерниясы Атбасар уездi Красивинский революциялық комитетiнiң көлемi (1920 жыл) бойынша шағын қорының тарихи құндылығы бар. Онда Кеңеске сайлау туралы материалдар, өкiмдер, сауалнамалар, Кеңес мүшелерi мен сайлау құқығынан айырылған тұлғалардың тiзiмдерi бар.
Мемлекеттiк мұрағаттың негiзгi дереккөзi болып табылатын мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардың ресми құжаттарымен бiрге, адам өмiрiнiң түрлi жақтарын зерттеу үшiн маңызы зор болып есептелетiн жеке тектiк қорлардың құжаттары тарихи дереккөздердiң негiзгi тобы болып табылады.
Мұрағатта жеке тектiк құжаттардың 14 жеке қоры және 2 жинағы бар. Бұл қорларда Социалистiк еңбек ерлерi — Н.И.Киреев, В.Е.Копылов, Д.И.Нечитайло, А.П.Полстяной, ауыл шаруашлығына еңбегi сiңген — Е.А.Бирюков, Ф.П.Прядкин, К.К.Финк, Н.Т.Шубин, Э.В.Эммих, мәденитке еңбегi сiңген — Т.И.Лисовая, Қазақстанның еңбек сiңiрген ұстазы — Т.В.Дернина ұсынылған.
Мемлекеттiк сақтауда жатқан құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, табиғи жағдайын жақсарту мақсатымен мұрағат әрдайым құжаттардың бар болуы мен жағдайын тексеру бойынша, жаңарту, тiгу, картондау,өшiрiлiп жатқан мәтiндердi қалпына келтiру, аса құнды құжаттарды айқындау және есептiк құжаттарды тексеру жұмыстарын жүргiзедi.
Мемлекеттiк мұрағат ведомстволық мұрағаттармен жұмысқа ерекше көңiл бөледi. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзуде, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуде, iстер номенклатурасын құрауда және т.б. әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетемiз.
Мұрағаттың құжаттары зерттеу жұмыстарында белсендi пайдаланылады. Зерттеушiлер Ауыл тарихы, Аудан тарихы, аудандық газет тарихы, мекемелер тарихы тақырыптарында жұмыс жасайды. 2013-2015 жылдар аралығында мұрағатта 8 адам жұмыс iстедi, мұрағаттық құжаттардың 110 көшiрмесi жасалды.
«Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағатының жеке тектiк қорлары бойынша жолсiлтеме», «Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағатында және Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтырудың (толымдау) Есiл ауданындағы дереккөз-ұйымдарда сақталатын жеке құрам бойынша құжаттар» анықтамалығы әзiрлендi, «Есiл ауданының мәндi және естен кетпес даталар күнтiзбесiн» құрап жатырмыз.
Социалистiк еңбек ерлерi туралы ақпарат, ауданымыздың құрметтi азаматтары, ауданның бiрiншi жетекшiлерi туралы мәлiметтер т.б. жинадық.
Мұрағат жұмысы бағыттарының бiрi азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi әлеуметтiк-құқықтық және тақырыптық сипаттағы сұранымдарды орындау болып табылады.
2013-2015 жылдар аралығындағы кезеңде әлеуметтiк-құқықтық және тақырыптық сипаттағы 2676 сұраным орындалды.
Жинақталған құжаттық мұрағаттық мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткiзу — бiздiң басты мақсатымыздың бiрi, өйткенi мұрағат пен мұрағаттық құжат өткендi танудың асыл көзi болып табылады. Соның бәрi кiшкентай ұжымымыздың, өз жұмысына адал, ынтамен жұмыс жасаған және жұмыс жасайтын адамдардың арқасында жасалады.
Есiл ауданының мұрағатының құрылу негiзiнде 1983-1989 жылдар аралығында жұмыс iстеген оның тұңғыш директоры Костамаха Мария Даниловна тұрды, 1989-2000 жылдары директор Саенко Зоя Ивановна болды. 2000 жылғы тамыздан Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағатының жұмысын Исакова Галина Сергеевна басқарып жүр.
Қазiргi уақытта мұрағатта бар ынтасымен мұрағатта еңбек өтiлi 20 жыл мұрағатшы Исаева Наталья Павловна, мұрағатшы Андрияшина Наталья Сергеевна және Сәрсенбай Әйгерiм Нұрланқызы, есепшi-мұрағатшы Вандаловская Татьяна Михайловна жұмыс iстеп жатыр. Мұрағат ұжымы белсендi және адал еңбегi үшiн Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының мақтау қағаздарымен, грамоталарымен бiрнеше рет марапатталған.
Бiз өз жұмысымызды жақсы көремiз, сондықтан болашақ ұрпаққа Есiл ауданының бұрынғысы мен қазiргiсiн сақтап, жеткiзу үшiн қолымыздан келгендi аямаймыз.
Мұрағат директоры Г.Исакова