A- A A+
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және мемлекеттік сатып алулар» тақырыбында Ақмола облысының есепші-архивистеріне арналған семинары өтті.

2016 жылдың 15-17 тамыз аралығы Ақмола облысы әкiмшiлiгiнiң негiзiндегi мемлекеттiк қызметкерлердiң санатын арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығында «Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және мемлекеттiк сатып алулар» тақырыбында Ақмола облысының есепшi-архивистерiне арналған семинары өттi.Бiзге Аймақтық орталықтың ақпараттық-талдай бөлiм жетекшiсi О.К.Идрисовтың дәрiстерi пайдалы болды. Ол «Мемлекеттiк меншiк туралы» ҚРЗ талаптарынан коммуналдық меншiктi басқару заңнамасын түсiндiрдi. Ақмола облысының әкiм аппаратының мемлекеттiк қызмет көрсетудi талдау бөлiмiнiң жетекшiсi Д.Ғ.Жұмабекпен мемлекеттiк қызмет көрсету және оның сапасын көтеру жөнiндегi сұрақтарды талқыладық. Ақмола облысының жемкорлыққа қарсы Халықаралық Департаментi штабының жетекшiсi Ж.Т.Рамазановтың «Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыптағы дәрiсi тыңдаушыларды қызметке адал болуға шақырды. Аймақтық орталықтың мемлекеттiк сатып алулар мен жоспарлау бөлiмiнiң жетекшiсi А.Т.Жакуповпен Қазақстан Республиткасының мемлекеттiк сатып алулар бақылауы және ұйымдастыру сұрақтарын қарастырдық. Бiздiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алулары мен бухучет» тақырыбындағы семинарды өткiзген Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының жетекшiсi Тохаева Марзият Юсупқызына және Аймақтық орталық директоры А.Б.Баймагамбетовке алғысымыз шексiз.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 10:59

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

egovҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
@2024 «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»