1987 жылы Есiл ауданында 10 өндiрiстiк кәсiпорындар болды. Оның iшiндегi ең iрiлерi: Май жасау комбинаты, керамзит бетонды өнiм зауыты, құрылыс материалдар мен құрылымдар комбинаты, өндiрiстiк тiгiн бiрлестiгi, Красивый жөндеу ұстаханасы.
1987 жылы өндiрiстiк кәсiпорындардың тауар орындауы 27558 мың рубльдi құрады.
1971 жылдың 5 қарашасында ОК КПКО № 828 қаулысы негiзiнде Есiл қаласында тұтас сүт алмастырушы зауыт құрылысын бастау қабылданды. Зауыт 1980 жылы қыркүйек айында пайдалануға берiлiп бiрiншi өнiмiн бердi. 1982 жылы зауыт Есiл май жасау комбинаты болып аталып, оның құрамына Красивый iрiмшiк цехы, Жаксы, Қима және Октябрьский сүт зауыттары кiрдi.
Есiлдiң бас зауыты басты бес: май цехы, iрiмшiк цехы, ТСА (тұтас сүт алмастырушы) және тұтас сүт өнiмдерi, 10 көмекшi цехтар, оның iшiнде темiржол, булы және құбырлы- сорғы станциялар негiзгi өндiрiстiк цехтардан тұрды.
Май жасау комбинатына 1988 жылы Целиноградтың 6 ауданынан, Қостанайдың 3 ауданынан және Көкшетау облысының 4 ауданынан жалпы мөлшерi 76 мың тонна сүт шикiзаты тасымалданған.
Май жасау комбинаты майдың 6 атауын, екi iрiмшiк атауын, 10 тұтас сүт пен майлы емес өнiм түрiн, ҚМЕС пен ТСА шығарады.
1987 жылы май жасау комбинатының өндiрiс мөлшерi:
сары май — 3151 тонна
iрiмшiк — 150 тонна
тұтас сүт өнiмi — 6461 тонна
майлы емес өнiм — 1178 тонна
ҚМЕС, ТСА — 4475 тоннаны құрады.
Комбиннатта физкабинет, процедуралық және тiс дәрiгерi кабинетi, 140 орындақ балабақша, 40 орындық асханасы болған. Комбинат қызметкерлерiне комбинат табысынан үйлер тұрғызған.
1992 жылдың 8 қазанының № 219-а бұйрығы негiзiнде Есiл май жасау комбинаты "Сүт" акционерлiк қоғамы болып аталды.
1998 жылдың 9 желтоқсанының № 4 бұйрығы негiзiнде "Сүт" акционерлiк қоғамы жойылды.
Есiл керамзитбетонды өнiм (КБӨ) зауыты 1972 жылдың 30 қыркүйегiнде пайдалануға берiлiп, Қазақ КСР-нiң құралыс материалдар өндiрiс Министрлiгiне тәуелдi болды. 1975 жылдың ақпан айында КБӨ зауыты Қазаз КСР-нiң "Казшаруқұралдары" құрылыс материалдарының республикалық трест өндiрiсi құрылыс шаруашылық Министрлiгiне берiлдi.Кәсiпорын ауыр бетондар мен жеңiл бетондардан түтiкшелi толтырғыш өнiмдерiн жасаған. Өнiм мектеп, балабақша, бiр және бiрнеше қабатты тұрғын ғимараттар, ауылшаруашылық өндiрiстiк блок тәрiздi қабырғалы ғимараттар, iшкi бөлу панельдерi мен жабу плиталарын жасау үшiн қолданылған.
Зауыт басты төрт цехтан тұрған, олар: жылдық қуаты 63 мың.м3 киыршық тас шығаратын керамзиттiк киыршық тас цехы, арматуралық цех, бетон араластырғыш цехы қуаты жылына 66,3 мың.м3 өнiм. Жоба бойынша өнiмнiң тауарлық молшерi 4,7 млн. рубльдi құрады. Жоба бойынша: жабу плиталары сырт өлшем мөлшерi бойынша 15 мың.м3, ауылшаруашылық ғимараттардың қабырғалық панельдерi 7 мың,м3, жертөле қабырғаларының бетондық блоктары 3 мың, м3, әлеуметтiк мәдени тұрмыс нысандар қабырғаларының iшкi және сыртқы керамзит бетондық блоктары 41,3 мың,м3, керамзиттi қиыршық тас 63 мың, м3 шығарылған.
КБӨ зауытының балансында 140 орындық балабақша, тұрғын үйлер, зауыт қарамағында фелдшерлiк пункт болған.
1993 жыл 17 желтоқсанның № 188а бұйрығы негiзiнде Есiл КБӨ зауыты "Керамзит" акционерлiк қоғамына айналды. 1998 жылдың 17 тамызының № 16п бұйрығы негiзiнде "Керамзит" акционерлiк қоғамы банкрот болды.
Есiл құрылыс материалдары мен құрылымдар комбинаты (ҚМҚК) 1956 жылы құрылған.Комбинатта шығарылатын басты өнiмдер: 1956 жылдан 1964 жылға дейiн ұсақ қабырғалық шығыс шикiзат ретiнде қож, шағыл мен ағаш өнiмдерi болған. 1957 жылдан жазғы уақыттары полигонда жиынтық темiр бетондардың табиғи пiсуiн ұйымдастырып шығарған, шығарылым 1964 жылға дейiн жыл сайын полигонда өткен. 1964 жылдың сәуiрiнде бiр және екiаралық екi кезекте жұмыс iстейтiн 10 мың, м3 жиынтық темiрбетон және 8 мың, м3 iрi фундаменттiк блок өнiм шығаратын екi темiрбетонды цех пайдалануға берiлдi.Комбинатта тағы да жылына 2-2,5 т.м3 мөлшерiнде ағаш өнiмдерi шығарылатын. Өзiнiң 20 мың, м3 қуаттағы шағыл карьерi болды.
Торғай өңiрлiк мемлекеттiк мүлiк комитетiнiң 1993 жылғы 12 қарашадағы №25 қаулысы негiзiнде Есiл құрылыс материалдар мен құрылымдар комбинаты "Дербес" ашық типтi акционерлiк қоғамына айналды.Есiл ауданынң сотының 1999 жылғы 15 қазанындағы шешiмi негiзiнде "Дербес" АҚ, Ақмола облысының әдiлет басқармасы негiзiнде заңды тұлға ретiнде 2001 жылдың 5 наурызында банкрот атанып жойылды.
Суретте Есiл ҚМҚК дайын өнiмiнiң қоймасы көрсетiлген.
Есiл сырақайнату зауыты пайдалануға 1967 жылы берiлдi. Зауытта: 3 атаулы ("Жигулевское", "Рижское", "Московское") сырасын, 8 атаулы алькогольсiз сусындар, сырақайнатылған уыт өнiмдер түрлерi шығарылған. Есiлдiктер өз өнiмдерiн Державин, Жаксы, Қорғалжын аудандарына, Шортанды, Макинск және Вишневкаға жiберген. Зауыттың жоба қуаты: сыра- 180мың декалитр, алкогольсiз сусын -50 мың декалитр, уыт-1200 тонна. Зауыттың шығаратын уыты Қазақ тұтынушы одақтың бес сырақайнату зауыттарына жеткiзiлген.
Есiл тiгiн фабрикасы 1972 жылы Красногорский ауылында құрылған. Есiл тiгiн фабрикасы Есiл ауданы тiгiн кәсiпорын одағының басты кәсiпорны болды. Оның құрамына: Державин тiгiн фабрикасы, Есiл қаласының өндiрiстiк комбинат филиалдары кiрдi. Тiгiн бiрлестiгi: азаматтық үлгiдегi ерлер костюмын, "авто" костюмдарын, ерлер педжактарын, IIМ шалбарлары мен кительдерiн, әйелдер тоқыма қөйлектерiн, төсек-орын жинақтамасын, ерлер, балалар iш киiмдерiн, ПТУ костюмдерiн, мақталы жамылғылар сияқты өнiмдер шығарған.
1988 жылы тiгiн фабрикасының өнiм мөлшерi 6660 рубльдi құрады.
Орындаушы:
Исакова Г.С.
21961