2017 жылдың 28 ақпанында «Есiл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ» «Құжаттарды қалыптастыру iсiнде негiзгi принциптерi мен әдiстерi» тақырыбына семинар өткiздi. Нақты семинарда: «Есiл ауданы Есiл қаласы әкiмi аппараты», «Есiл ауданының жұмыспен қамту әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi», «Есiл ауданының экономика және қаржы бөлiмi», «Есiл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi», «Есiл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолауышылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi», «Есiл ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ, мемлекеттiк мекемелерiнiң мамандары қатысты.
Бiрiншi сауал бойынша Есiл ауданының мемлекеттiк архив директоры Д.Жүсiпбеков сөз сөйлеп, құжаттармен жұмыс барысындағы нормативтi- құқықтық актiлер өзгерiстерi туралы таныстырды. Содан кейiн, Есiл ауданының мемлекеттiк архивiнiң архивистi Г.С.Исакова мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелердiң жұмыс барысында пайда болатын сақтау мерзiмi көрсетiлген типтiк құжаттар тiзiмi мен құжаттамаларды басқару мен құжаттандырудың Типтiк ережесiн қарастыруға нақтырақ тоқталып сөз сөйледi.
Сөз сөйлеу барысында құжаттарды ғылыми- техикалық өңдеу, уақытша және ұзақ мерзiмдi сақтау құжаттар талаптарының түрлерi қарастырылды. Осы сұрақтарды қарастыру кезiнде мамандардың басты назарында қорларды құру мен қорларды рәсiмдеу болды. Шараның сонында Есiл ауданының мемлкеттiк архив директоры семинарға қатысушыларға алғысын бiлдiрiп, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр.