Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағаты «Ешкiм ұмытылмайды, ештене ұмытылмас» мұрағаттық құжаттар көшiрмесiнiң тақырыптық топтамасын дайындады. Құжаттардың тақырыптық топтамасы «Бiзге ерлiктiң, Отанға деген махаббаттың ғажап өнегесiн қалдырып, жыл сайын өмiрден озып жатыр, ХХI ғасырда өмiр сүретiндерге ама-сау қалғандар қымбат естелiк сияқты — оларға құлақ түремiз, жанарларына қарап, олармен бiрге еске түсiремiз…» деген сөздермен ашылды.
Топтаманың бiрiншi бөлiмiнде Есiл ауданының соғыс жылдарындағы еңбектi өмiрi туралы әңгiмелейтiн «В годы военных испытаний» мақаласы берiлген.
Топтаманың екiншi бөлiмi «Отандық жауынгерлер» деп аталады. Бұл бөлiмде Есiл ауданының Ұлы Отан Соғысы ардагерлерi туралы әр түрлi жылдарда (1965-2009) «Хлебороб Приишимья», «Жаңа Есiл» газеттерiнде жарияланған мақалалары ұсынылды. Сондай-ақ ҰОС ардагерлерiнiң жеке тектiк қорларындағы құжаттары Криштоп-Шинкарева Антонина Елисеева 109 қ. (Норденбург, Шығыс Пруссия, Даркемен, Бартенштайн, Прейсиш-Айлау, Кенигсберг қалаларын басып алу кезiндегi үздiк жауынгерлiк әрекеттерi үшiн марапаттары, 11.08.1945 жеке суреттерi), Балбеков Михаил Константинович 130 қ. (ефрейтор М.К.Балбековтiң немiс басып алушыларымен шайқас майданындағы жауынгерлiк тапсырмаларды үлгiлi орындағаны үшiн 1945 жылғы 26 қыркүйекте «Ерлiгi үшiн» медалiмен марапатталуы туралы уақытша куәлiгi, қызыләскер кiтапшасы) ұсынылды.
Топтаманың үшiншi бөлiмiнде «Мерекелерде және күн сайын, сәндi пиджак пен ескi кительдермен ордендердi тағыңыздар. Соғысты мойындарыңызбен арқалап өткенiңiздi адамдар көру үшiн орден тағыңыздар» 1977 жылы, 1982 жылы, 1985 жылы, 2010 жылы Жеңiс күнiне арналған шерулердiң суреттерi мен Ұлы Отан Соғысының ардагерлерiнiң топтық суреттерi берiлген.