A- A A+
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
2016 жылдың 9 қыркүйегінде Есіл қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығына арналған «Алтын күз» республикалық акциясы мен «Отбасы күні» бұқаралық шара өтті

Салауатты өмiр салты- жеке адамның өзiнiң бөлек тәртiбi мен әдеттерiнiң қажеттiлiгi мен ұзақ денсаулық пен өмiр сүру сатысын қажеттi деңгейде қамтамасыздандыратын жеке жүйесi. Мемлекетiмiздiң басшысы айтпақшы, «Ескi заманнан бастап бiздiң халық адамның басты байлықтарының бiрi денсаулық деп есептеген.Сол ескi өсиетке сүйене отырып бiздiң мемлекет азаматтарымыздын жан және тән денсаулығы үшiн мүмкiндiгiнше бәрiн iстеп жатыр…. Сондықтан бiздiң мемлекетiмiздiң саяси бағыттағы басты стратегиялырдың бiрi Бұқаралық спорттық қозғалысты кеңейту болып табылады.Осы бастапқылықты Есiл ауданының мемлекеттiк мұрағат ұжымы да ұстанады.

2016 жылдың 9 қыркүйегiнде Есiл қаласында аудан мекемелерi мен ұйымдарының ұжымдары, мектеп оқушылары мен агротехникалық колледж студенттерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiнiң 25 жылдығына арналған «Алтын күз» республикалық акциясы мен «Отбасы күнi» бұқаралық шарасы өттi. Нақты шарада Есiл ауданының мемлекеттiк архивiнiң ұжымы да белсене ат салысып қатысты. Шараның негiзгi бөлiмi — «Алтын күз» жеңiл атлекикалық кросында 35 жастан жоғары еркектер арасында- 2 орын ( Д.А.Жусупбеков –директор), 35 жасқа дейiнгi әйелдер арасында — 3 орын (Н.С.Андрияшина –архивист) жүлделi орындарға ие болды. Сондай-ақ арқан тарту мен флешмобқа қатысты. Шараның аяқ жағында жүлделi орынға ие болған қатысушылар салтанатты түрде құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды.

  
 


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.09.2016 16:27

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

egovҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
@2024 «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»