A- A A+
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Әділет басқармасында өткен семинар

2021 жылдың 13 сәуірде «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ Есіл ауданының әділет басқармасымен «Ұйымның өндірісінде істерді қалыптастыру және олардың ведомстволық сақтау кезеңінде сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбына семинар өткізді. Бұл мәселе бойынша Есіл ауданының мемлекеттік архив директоры Д.Жүсіпбеков сөз сөйлеп, құжаттармен жұмыс барысындағы нормативті- құқықтық актілермен таныстырды. Содан кейін, Есіл ауданының мемлекеттік архивінің архивисті Г.С.Исакова мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жұмыс барысында пайда болатын сақтау мерзімі көрсетілген типтік құжаттар тізімі мен құжаттамаларды басқару мен құжаттандырудың Типтік ережесін қарастыруға нақтырақ тоқталып сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында құжаттарды ғылыми- техникалық өңдеу, уақытша және ұзақ мерзімді сақтау құжаттар талаптарының түрлері қарастырылды. Осы сұрақтарды қарастыру кезінде басты назарында қорларды құру мен қорларды рәсімдеу болды.

Мақаланың шыққан күні: 13.04.2021
Қаралым саны: 1238

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

egovҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
@2024 «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»