A- A A+
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Көкшетау қаласындағы «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» атты өңірлік семинар

2023 жылғы 24 ақпанда Көкшетау қаласында «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» атты өңірлік семинар өткізілді.

Іс-шараның модераторы ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті болды, іс-шараны ұйымдастырушы - «Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ. Семинарды комитет төрағасының орынбасары Г.Е. Қарсақбаева ашты.ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Салтанат Тасжанова Архив саласындағы нормативтік-құқықтық актілері туралы баяндама жасады.Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау сияқты басқа облыстардың сарапшылары баяндама жасады.Күннің екінші жартысында секциялар бойынша жұмыс жүргізілді, онда ведомстволық архивтерде сақтауды қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар үшін «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» КММ және Ақмола облыстық сотының ведомстволық архиві мен музейіне экскурсия өткізілді.

Мақаланың шыққан күні: 24.02.2023
Қаралым саны: 321

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

egovҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
@2024 «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»