A- A A+
«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Адал жол - честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон

2016 жылы 14 қазанда «Адал жол — честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонның Есiл ауданында онкүндiгi аяқталды.
Марафонның негiзгi мiндеттерiне: құқықтық сауаттылық пен жастар арасында құқықтық мәдениеттiлiктi қалыптастыру, жоғары моральдi-этикалық нормалар және құндылықтар, әдiл бәсекелестiк қағидаларды iлгерлету және әр түрлi жағдайдағы жемқорлыққа төзбеушiлiк көрсету жатады. Есiл ауданында өткiзiлген он күндiкте 25-тен аса әр түрлi iс-шаралар, атап айтсақ: кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, жастардың қатысуымен флеш-мобтар, әңгiмелесулер, құқықтық сабақтар өткiзiлдi.
Марафонның iс-шаралар аяқталу қарсаңында, аудандық әкiмдiктiң мәжiлiс залында өткен салтанатты жиналыста Есiл ауданының әкiмi Қалжанов Аманбек Әмiрхазаұлының төрағалығымен эстафетаны Жақсы ауданына берiлдi. Iс-шараға Жақсы ауданынан келген делегация Жақсы аудандық мәслихаттың хатшысы Жанәдiлов Бейсеит Ақсаұлы, сонымен қатар, Есiл аудандық мәслихаттың хатшысы Ағымбаева Сәуле Кәмелқызы , ауданның мемлекеттiк қызметшiлерi, құқық қорғау органдарының, бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi, БАҚ өкiлдерi қатысты.

   

Мақаланың шыққан күні: 17.10.2016
Қаралым саны: 1712

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

egovҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
@2024 «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»