«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ

«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ «Архивке тапсыру үшін құжаттарды ғылыми – техникалық өңдеу» тақырыбына семинар өткізді

2018 жылдың 09 қазанда «Есiл ауданының мемлекеттiк архивi» КММ Есiл ауданының әдiлет басқармасымен «Архивке тапсыру үшiн құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеу» тақырыбына семинар өткiздi. Есiл ауданының мемлекеттiк архивiнiң архивистi Г.С.Исакова мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелердiң жұмыс барысында пайда болатын сақтау мерзiмi көрсетiлген типтiк құжаттар тiзiмi мен құжаттамаларды басқару мен құжаттандырудың Типтiк ережесiн қарастыруға нақтырақ тоқталып сөз сөйледi.

Сөз сөйлеу барысында құжаттарды ғылыми- техникалық өңдеу, уақытша және ұзақ мерзiмдi сақтау құжаттар талаптарының түрлерi қарастырылды. Осы сұрақтарды қарастыру кезiнде басты назарында қорларды құру мен қорларды рәсiмдеу болды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.10.2018 17:34
© 2024. «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика