«Есіл ауданының мемлекеттік архиві» КММ |
2018 жылдың 28 ақпанында «Есiл ауданының мемлекеттiк архивi» ҚММ ғимаратында Алғыс күнiне орай Есiлдiң №2 балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi үшiн «Мұрағаттық құжаттардағы хроника» тақырыбында экскурсия өткiзiлдi. Нақты шарада 8-9 сыныптың 9 оқушысы және Есiл балалар үйiнiң кiтапханашысы Т.В.Габерер жетекшiлiгiмен қатысты. Архив директоры Д.Жүсiпбеков архив қорының тарихы туралы әңгiмеледi. Архивист Г.Исакова балаларға архив қоймаларын көрсетiп, архивтiң негiзгi жұмыс барысы туралы баяндап, мемлекеттiк архив қорындағы қызықты құжаттарды көрсеттi.